Парламент аквашаруашылық туралы заңды бекітті

АСТАНА. KAZINFORM – Парламент Мәжілісі «Аквашаруашылық туралы» Заңында Сенаттың жаңа редакцияда ұсынған жекелеген баптарымен келісті.

аквашаруашылық
Коллаж: Kazinform/Freepik/Pexels

- Бұл заңды Парламент Мәжілісі биыл 12 наурызда қабылдап, Сенаттың қарауына жолдады. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Сенат жолдаған жекелеген баптар бойынша жаңа редакциямен келісуді ұсынады, - деді депутат Сергей Пономарев Мәжілістің жалпы отырысында.

Аталған заң жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, бәсекеге қабілетті аквашаруашылық объектілерін ұлғайту әрі олардың адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіпсіз болуын қамтамасыз ету жолымен аквашаруашылықты орнықты дамыту мақсатында әзірленді. Заңда бірқатар жаңа ұғым пайда болды, мемлекеттік органдардың құзыреттері нақтыланып, өкілеттіктер берілді.

Еске салсақ, биыл 15 мамыр күні Сенат аквашаруашылыққа қатысты заңды Мәжіліске қайтарды.

 

Соңғы жаңалықтар