Парламент Болгария мен Румынияның әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қосылуы туралы хаттаманы қабылдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш құжаттың мақсаты Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы шарттық-құқықтық базаны жақсарту, сондай-ақ Қазақстанның еуропалық бағыттағы мүдделерін одан әрі ілгерілету болып табылады. Тоқтала кететін жайт, 2007 жылдың қаңтарынан бастап Болгария мен Румынияның Еуропалық Одақ құрамына енуіне байланысты қолданыстағы Қазақстан мен Еуроодақ мемлекеттері арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің заңдық күшін аталған екі елге де қолдану қажеттігі туындайды. Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге Болгария мен Румыния мемлекеттерінің қосылуы туралы хаттамаға Қазақстан мен Еуропалық тараптың қол қоюы 2008 жылдың қыркүйегінде Брюссель қаласында жүзеге асқан болатын. Ал 2008 жылдың желтоқсанында Еуропа тарапы аталған келісімге қатысты өздерінің мемлекетішілік үдерістерін аяқтағанын мәлімдеді. Бұның өзі Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті шаралардың жасалғанын білдіреді.
Хаттаманың күшіне енуі саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, ақпараттық, гуманитарлық, мәдени және басқа да салалардағы екі жақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге бағытталады.