Парламент депутаттары кәсіптік-техникалық мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға барынша атсалысатын болады

ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Парламент депутаттары кәсіптік-техникалық мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға барынша атсалысатын болады.
None
None
Бұл туралы Тасқала ауданындағы №20 кәсіптік-техникалық лицейде болған кезінде Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Наурыз айында кәсіптік-техникалық оқу орындары жөнінде ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Парламент депутаттарына есеп бермек. Кәсіптік білім мәселелері осындай тыңдауларда көтерілетін болады. Айталық, аталмыш лицей қызметкерлері мемлекеттік тілдегі оқулықтардың жетіспейтінін, отандық, сондай-ақ ресейлік қазіргі заманғы оқу техникаларының жоқтығын алға тартты. Мәжіліс депутаты әлемдік дағдарысқа байланысты орын алып отырған жағдайға да тоқталды. Бұл орайда елімізде жүзеге асырылып жатқан дағдарысқа қарсы бағдарламаның келеңсіз көріністерге жол бермейтінін атап өтті. Батыс Қазақстан облысынан сайланған басқа да Мәжіліс, Сенат депутаттары аудандарда болып, дағдарысқа қарсы алынып жатқан шаралар барысымен танысты. Әсіресе, халық күнделікті тұтынатын азық-түлік бағаларының қымбаттамауына назар аударды.
Соңғы жаңалықтар