Парламент ЕАЭО туралы келiсiмшартты 2014 жылдың қыркүйек айында ратификациялайды - мәжiлiсмен

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламентi ЕАЭО туралы келiсiмшартты 2014 жылдың қыркүйек айында ратификациялайды. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Мәулен Әшiмбаев мәлiм еттi.
None
None

«ЕАЭО құру туралы шарт Парламенттiң қарауына қыркүйекте түседi деп жоспарлануда. Мемлекет басшылары аталмыш келiсiмшартты ратификациялауды үйлесiмдi жүргiзу жөнiнде тапсырма берген болатын. Менiң ойымша, Беларусь, Ресей парламентiмен бiрге бiз оның ратификациялануы бойынша жұмысты бiркелкi ортақ жұмыстың нәтижесiнде сәттi атқарамыз. Бұл жұмыс қыркүйек айында аяқталады деп қарастырылуда», - деп атап өттi халықаралық қатынастар, қауiпсiздiк және қорғаныс мәселелерi жөнiндегi комитеттiң төрағасы М. Әшiмбаев.

Оның атап көрсеткенiндей, одақ елiмiздiң экономикалық тұғырын бекiтiп қана қоймай, тәуелсiздiгiнiң iргесiн нығайтатын болады. Сондықтан одақ аясындағы қарым-қатынастарды дамыта отырып, Қазақстан өзiнiң ең басты стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзедi.

«Биыл 29 мамырда қол қойылған шарт бiздiң елдердiң жалпы даму тұжырымдамасын айқындап бердi. Ендi осы тұжырымдаманы бiзге ары қарай дамытып, егжей-тегжейлi қарастырып, ЕАЭО аясындағы нақты жобаларды жүзеге асыруымыз керек. Бұл жерде ең үлкен жауапкершiлiк ықпалдастықты дамыту және тереңдету бойынша нақты iстердi айқындайтын Қазақстанның атқарушы органдарына түседi», - дедi М. Әшiмбаев.

Соңғы жаңалықтар