Парламент ел тарихындағы екінші Декларацияны қабылдады

None
None
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Парламент ел тарихындағы екінші Декларацияны қабылдады.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы Декларациясын қабылдау барысында палата Төрағасы Қайрат Мәми осылай мәлімдеді.

«Бүгінгі күннің ерекшелігі - осыдан тура 20 жыл бұрын 1991 жылғы 10 желтоқсанда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш инаугурациясы өткен күн. Осындай атаулы күні Парламент өзінің тарихында екінші рет Декларация қабылдау үшін жиналып отыр. Біз 20 жыл ішінде елімізде болған тарихи оқиғалардың куәгерлері ғана емес, сондай оқғиаларға тікелей қатысушы болғанымызға да мақтаныш етуге тиіспіз. 20 жылдағы жетістіктерімізді айшықтайтын құжат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық Декларациясы. Бұндай Декларацияны қабылдау идеясы осындай жетістіктерге байланысты туған болатын. Сол себепті менің өкіміммен Парламент депутаттарынан және аппараттың жауапты қызметкерлерінен тұратын арнайы топ құрылған еді. Сол жұмыс тобы 6 ай қызмет жасап, Декларацияның жобасын әзірлеген болатын», - деді Сенат спикері Қайрат Мәми.

Бұдан соң, Сенат Төрағасы отаншылдық рухымен, туған елге деген мақтаныш сезімімен өрілген Декларацияның ең әуелі патриоттық мақсаттарға қызмет ететінін атап өтті. «Замандастарымыз бен болашақ ұрпаққа арналған осынау салтанатты құқықтық құжатта Қазақстанның 20 жыл ішіндегі барша жетістіктері айқындалады. Осы бірегей құжатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ елі мемлекеттігін құру жолындағы баға жетпес рөлі атап көрсетілген. Ата Заңымыз - Конституциямыздың мән-маңызы декларация жобасының негізгі өзегі болып отыр», - деді Сенат төрағасы Қ.Мәми.

Соңғы жаңалықтар
telegram