Парламент ЕурАзЭҚ Сотының статутына өзгерістер енгізілетін хаттаманы қабылдады

Аталған хаттаманың мақсаты қоғамдастық Сотының мәртебесін Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің ЕурАзЭҚ Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартқа сәйкес келтіру болып табылады. Бұл ретте шарт Кеден одағы шаруашылық жүргізуші субъектілеріне, оның ішінде үшінші мемлекеттердің резиденттеріне қоғамдастық сотына жүгіну құқығын береді. Хаттамада Кеден одағы комиссиясының актілерін, әркетін және әрекетсіздігін даулау туралы шаруашылық субъектілерінің өтініштерін ЕурАзЭҚ Сотымен қарау тәртібі көзделеді.
Сондай-ақ, Сот ерекше жағдайларда сыртта отырыстар өткізу құқығына ие болады. Бұл ұсынылған дәлелдемелерді судьялардың сол орында қарау қажеттігімен, сондай-ақ процеске қатысушылардың көбісі сот орналасқан жерден тысқары болуымен байланысты.
Ал, қоғамдастық соты Минск қаласында орналасқан. «Соттың судьяларын ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің ұсынысы бойынша Парламентаралық Ассамблея лауазымға тағайындайды және босатады. Бүгінгі күні Қырғыз Республикасының судьяларын қоспағанда ЕурАзЭҚ Соты судьяларының құрамы толығымен құрылды. Оған ҚР Жоғарғы сотының 2 судьясы Мұсабек Әлімбеков, Жолымбет Баишев Қазақстан Республикасынан ЕурАзЭҚ
Сотының судьялары болып тағайындалды»,-деді Әділет министрі Берік Имашев.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.