Парламент Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің қызмет аясын кеңейтетін келісімді қабылдады

АСТАНА 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы заң қабылданды.
None
None

Келісімнің осы түзетілуі 2011 жылғы 30 қыркүйекте қабылданған. Оған сәйкес ЕҚҚДБ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін іске асыру мүмкіндігі қарастырылады.

Сондай-ақ аталған елдер Банк мүшелері иеленіп отырған дауыстарды жалпы санының кемінде төрттен үшін білдіретін басқарушылардың кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданған шешімге сәйкес алушы ел мәртебесін иелене алады. Түйіндей айтсақ, келісімдегі өзгерістер арқылы Банк мандатының географиялық ауқымы кеңейетіні көзделеді.

Сонымен қатар Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы жағдайларды ескере отырып, Банк аталған өңірлерді дамытуға белсенділік танытып отыр.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар