Парламент Мәжілісінде «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат – Ертең, мамырдың 21-інде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастайды,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа палатаның баспасөз қызметінен.Конференция «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде әзірленіп отыр. «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы ? Қазақстанның еуропалық көшбасшы елдермен стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілуі.Конференция қазіргі Қазақстанның қоғамдық-саяси құрылысы саласындағы бүгінгі жетістіктері, демократияның дамуы және 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі арқылы Қазақстанның келешегімен халықаралық қауымдастық өкілдерін таныстыру мақсатын көздейді. Конференция жұмысы барысында пленарлық және төрт секциялық отырыстар өтетіні жоспарлануда. Секциялық отырыстар «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік және интеграциялық бастамалары», «Еуропаға жол» ? Қазақстанның күн тәртібінде», «Саяси өзгеріс тәжірибесінің қазақстандық үлгісі», «Қазақстанның дінаралық және ұлтаралық келісім үлгісі: ЕҚЫҰ-ға тәжірибе» деген тақырыптар бойынша өтеді.Конференция аясында фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылады. Онда тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері көрініс табады.Конференция жұмысына Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ), Еуропалық Кеңестің парламенттік ассамблеяларының (ЕКПА), ТМД Парламентаралық ассамблеясының өкілдері, Литва, Австрия, Грекия, Чехия, Франция, Қырғыз Республикасы, Ресей, Түркия парламенттерінің белгілі депутаттары мен саяси фракцияларының жетекшілері, сондай-ақ Германия, Ресей және АҚШ елдерінің танымал сарапшылар институтының өкілдері қатысатыны жоспарланып отыр. Қазақстан тарапынан Палата төрағалары Орал Мұхамеджанов, Қасым-Жомарт Тоқаев, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, сараптама қоғамдастығы мен азаматтық қоғамның өкілдері қатысады.Пленарлық отырыста ЕКПА-ның вице-президенті, Бельгия Сенатының депутаты, «Қазақстан-Бельгия» парламенттік достық тобының мүшесі Пол Вилле, Литва Республикасы Сеймі төрағасының халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Альгис Кашета, Францияның Ұлттық Ассамблеясының депутаты, ЕҚЫҰ ПА-дағы Францияның Ұлттық Ассамблеясы делегациясының жетекшісі Мишель Вуазен, Грекия Республикасы Парламентінің депутаты, «Грекия-Қазақстан» ынтымақтастық тобының жетекшісі Дитриос Христофилоянис, ТМД ПАА Кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротов (Ресей Федерациясы), АҚШ Конгресінің бұрынғы депутаты, «Жаңа демократия институтының» жетекшісі Лоуренс Де Нардис сөз сөйлейді деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар