Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты Солтүстік Қазақстанда жұмыс сапарымен жүр

ПЕТРОПАВЛ.  Шілденің 9-ы.  ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -    Парламент Мәжілісінің  бір топ   депутаты  жұмыс  бабындағы сапармен  Петропавлға келді.  Кеше  депутаттар   «Нұр Отанның»   облыстық филиалында партия         активімен   кездесті,
None
None

деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Топтың  құрамына   Мәжілістегі   Солтүстік Қазақстан облысының   депутаттары Иван Чиркалин, Еркін Рамазанов, Петр Дмитриенко және  Раиса Полищук  кірді.  Партия  белсенділерімен болған  кездесу  барысында   негізінен   олар жұмыс істеген  заң  жобалары  туралы,     заңнамалық  актілерге  қандай  түзетулердің қабылдағаны    және қандай  жобалардың әлі  әзірлену  үстінде  екені   сөз болды.

Мәжіліс  депутаттары   облыста  шілденің 15-іне  дейін болады,  осы аралықта  олар сайлаушылармен,  облыс орталығы  мен      селолық аудандардағы еңбек  ұжымдарында   кездесулер өткізеді,  жеке  мәселелер  бойынша азаматтарды қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар