08:51, 14 Мамыр 2009 | GMT +5
Парламент Мәжілісінің делегациясы азиялық парламентшілердің форумына қатысты
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат – Құрамына Айткүл Самақова, Дарья Клебанова және Серік Оспанов кірген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің делегациясы мамырдың 2-3-інде Джакартада өткен Халық саны және дамуы жөніндегі азиялық парламентшілердің 25-ші кездесуіне қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосына сілтеме жасап.
Әлемнің 22 елінің өкілдері қатысқан жиында азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысындағы халық саны және елдердің тұрақты даму мәселелері қаралды. Азиялық парламентшілердің кездесуі үш сессия бойынша өтті. Атап айтқанда сессияларға «Халық саны және дамуы жөніндегі халықаралық конференцияның 15 жылдығына шолу жасау: жетістіктер мен ығыттар», «Азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысындағы халық саны мен елдердің орнықты дамуы» және «Мыңжылдықтың даму мақсаттары аясындағы денсаулық сақтау саласындағы бастамаларды біріктіру» тақырыптары арқау болды. Ал мамырдың 4-інде қазақстандық делегация Индонезияның жетекші «Голкар» партиясының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында депутат А.Самақова «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаевтың «Голкар» партиясының төрағасы Юсуф Каллыны ағымдағы жылы мамырдың 15-інде Астанада өтетін «Нұр Отанның» 12-ші съезіне қатысуға шақыруын жеткізді.