Парламент Мәжілісінің депутаттары Арал ауданы тұрғындарымен кездесті (ФОТО)
Депутаттар өңірге сапарын аудан тұрғындарымен кездесуден бастап, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.
Тұрғындар депутаттарға өздерін толғандырып жүрген әлеуметтік жағдайларын жақсарту жайы, жас мамандардың баспана мәселесін шешу және шағын бизнесті дамытуда кездесетін қиындықтар, мал өнімдерін өткізудің түйткілді мәселелері туралы сауалдарын жолдады. Халық қалаулылары қабылдауға келген азаматтардың өтініш-тілегін сала басшыларымен сол мезетте тілдесу арқылы шешіп берді. Ал, кейбір күрделі мәселелерді заң аясында шешуге уәде беріп, тұрғындар өтініші аяқ асты болмайтынын айтты.
Сондай-ақ, депутаттар жүздесу барысында аралдықтарға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының, 5 институционалдық реформасының басым бағыттарын түсіндірді.