08:03, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Парламент Мәжілісінің депутаты сайлаушылармен жүздесті
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Кеше Мәжіліс депутаты Уәлихан Қоңырбаев мұғалімдер білімін жетілдіру институтында өңір ұстаздар қауымымен кездесіп,

Парламент қабырғасындағы заң шығарушылық жұмыстар, алда тұрған міндеттер жайлы әңгімеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу аясында білім беру ісінің қызметкерлері мұғалімдердің еңбекақысы, ауыл мұғалімдеріне белгіленген жеңілдіктер, жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысы, ұстаз мәртебесі, мұғалімдер білімін тексеруге қатысты келеңсіздіктер турасындағы сайлаушылар сауалдарына жауап беріп, өз ой-пайымдауымен бөлісті. Уәлихан Қоңырбаев бұған дейін «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында 20-дан астам сайлаушыны жеке мәселелерімен қабылдаса, алдағы уақытта Целиноград, Қорғалжын аудандарында қоғамдық қабылдау өткізіп, жұртшылықпен жүздесетін болады.