Парламент мемлекеттік материалдық резерв мәселесіне арналған заңды қабылдады

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді талқылап,
None
None

құжатты қабылдады. Енді заң жобасы Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған құжаттың негізгі мақсаты «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» және «Мемлекеттік құпиялар туралы» қолданыстағы заңнамаларды мемлекеттік материалдық резерв жүйесін дамытудың тұжырымдамалық көзқарастарына сәйкестендіру, сондай-ақ құқықтық олқылықтардың орнын толтыру болып табылады. Мәселен, «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңындағы мәліметтерден құпияландыруға, орналастыруға жататын материалдық құндылықтарды сақтау жөніндегі баптар алып тасталынады. Бұндай өзгертулер әлеуетті өнім берушілер тобын ұлғайтуға, тауар бағасына оңды ықпал етуге, материалдық құндылықтарды уақтылы шығаруға септігін тигізетін болады.

Сонымен бірге, заң жобасы - гуманитарлық көмектер мен бірінші кезектегі іс-шаралар көрсету кезінде жедел материалдық резервтен материалдық құндылықтарды пайдалану мәселелерін де қамтиды. Бұл ретте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарымен күресте шапшаң әрекет ету шаралары қарастырылған. Бұдан басқа, мемлекеттік материалдық резерв саласы бойынша уәкілетті органның құзіретін арттыру көзделеді. Атап айтқанда, аталмыш органға «броньнан шығарылған» материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервті толықтыру мақсатында аудару шешімін қабылдау құқығы беріледі. Бұндай шара бюджеттік қаражаттарды тиімді үнемдеуге мүмкіндік туғызады.

Парламент Сенаты заң жобасына пайдаланылатын терминологияның бірізділігін, нормалардың ішкі үйлесімін қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер енгізді. Бұдан басқа, заң жобасындағы Үкімет құзіреті мен осы саладағы орталық атқарушы органдардың өкілеттігі мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша жаңа өкілеттіктермен толыға түсті.

Соңғы жаңалықтар