Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. 

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Фото: Мәжіліс

Жиында Мәжіліс пен Сенат депутаттары «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын бірінші оқылымда қарайды.

Айта кетейік, 18 наурызда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

Еске салсақ, биыл қаңтар айында Парламент Мәжілісі «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заңының жобасын талқылауға қабылдағанын жазған едік.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтің айтуынша, заң жобасы Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасы Алатау қаласының экономикалық, тенхнологиялық, ғылыми білім беру, сауда және инвестициялық орталық ретінде қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар құжат жобасы Алатау қаласын дамытуға салынатын инвестициялардың кепілдіктері мен құқықтық қорғалуын арттыруға, «ақылды қала» құру және Алатаудың экономикалық дамуы мақсатында ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, технологиялық инновацияларды, заманауи тәсілдер мен тәжірибелерді қолдануға арналған. 

Соңғы жаңалықтар