Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың мәртебесі туралы құжат талқыланады

АСТАНА. KAZINFORM — Осы аптада ҚР Парламентінің қарауына «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді. 

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың мәртебесі туралы құжат талқыланады
Фото: Астана әкімдігі

— Конституциялық заң жобасы Қазақстанның жаңа Конституциясының 2-бабының 4-тармағын іске асыру үшін әзірленген. Заң жобасында Астанадағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері, мәслихат пен әкімдіктің қала құрылысы, көші-қон, көлік жөніндегі өкілеттіліктері көзделген. Сондай-ақ Астананың аумағы мен қала маңындағы аймағын, бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодын айқындау ұсынылады. Осы орайда Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті бұл заң жобасын Парламент регламентіне сәйкес қарау үшін қабылдауға дайын, — деді депутат Нұртай Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұл тұрғыда осы заң жобасы бойынша ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттары сайланды.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жақын арада бірқатар маңызды заң жобасы Парламент қарауына енгізілетінін мәлімдеген еді

Айта кетейік, 17 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды