Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бірлескен отырысқа Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Үкімет мүшелері қатысып жатыр.

Отырыста сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысын аяқтау тақырыбы қаралады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 27 маусым күні Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясындағы палатаның жұмысын қорытындылады.

Сонымен қатар осы аптада сегізінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы аясында Сенаттың қорытынды отырысы өтті.

«Сессия наурыз айының соңында ғана басталды. Соған қарамастан, осы уақыт ішінде Мемлекет басшысының елімізді жаңғыртуға арналған реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Үш ай мерзімде Парламент 25 заң қабылдады. Олардың ішінде 10 заңға депутаттық корпус бастамашыл болды», - деді М. Әшімбаев.


Соңғы жаңалықтар