11:41, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеуін (Жолдауын) жария етеді
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат. Наурыздың 6-сы, жұма күні өтетін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеуін (Жолдауын) жария етеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов наурыздың 2-сі, дүйсенбі күні қол қойды.