Парламент пен партия Үкіметке нақты қолдау мен үлкен сенім көрсетіп отыр

None
None
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Парламент пен партия Үкіметке нақты қолдау мен үлкен сенім көрсетіп отыр. Бүгін «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сөз арасында Премьер-Министр Парламент депутаттары мен «Нұр Отан» партиясына Үкіметке жан-жақты қолдау білдіргені, Елбасы тапсырмасымен әзірленген заңдық бастамаларды жедел әрі сындарлы талқылап қабылдағаны үшін алғысын жеткізді. «Дағдарысқа қарсы шаралар топтамасы бойынша Парламент Үкімет тарапынан нақтыланған республикалық бюджетті жедел қабылдады. Бұдан басқа мемлекеттік сатып алу, қаржылық тұрақтылық, әлеуметтік қолдау және еңбекпен қамтуға бағытталған заң жобалары Парламент тарапынан дер уағында қабылданды. Бұның өзі Парламент пен партиямыздың Үкіметке нақты қолдауы мен үлкен сенімін білдіреді», деді К. Мәсімов. Сонымен бірге Үкімет басшысы қазіргі кезде «Жол картасы» бойынша кешенді шаралар қамтылып отырғанын, оның нәтижесі маңызды болатынын атап өтті. «Үкіметтік картаға сәйкес 191 млрд. теңге өңірлік жұмыспен қамтуға бағытталады. Стратегияның жалпы бюджетінен 14 млрд. теңге азаматтарды қайта даярлауға жұмсалады. 168 млрд. теңге тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жөндеуге, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге бағытталады. Ал 45 миллиардтан астам теңге жол жұмыстарына бөлінді. Білім беру мен денсаулық сақтау нысандарына 27,4 млрд. теңге қарастырылуда. Мұндай саладағы 2 мың нысанға ағымдағы күрделі жөндеу жасалып, 83 мың жұмысшы тартылады. 287 спорттық және әлеуметтік мәдени нысандарды жөндеуге 8 миллиардан астам теңге бөлінді. Осының бәрі Парламенттің Үкіметке көрсеткен қолдауы арқасында жүзеге асатын болып отыр», деді К. Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар
telegram