Парламент пен Үкімет даму бағдарламасына бағытталған бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуын бақылауы қажет - Елбасы

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Парламент пен Үкімет даму бағдарламасына бағытталған бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуын бақылауы қажет. Бұл туралы бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Біз жаһандық дағдарыстың толқынын табысты еңсердік. Алайда бұған тоқмейілсуге тиісті емеспіз. Әлемдік экономиканың жағдайы дүдәмәл күйінде қалуда. Оның толыққанды қалпына келуі әлі болған жоқ. Бүгінде сарапшылар қоғамдастығы дағдарыстың кезекті толқыны болуы ықтималдығын айтуда. Басқа да сарапшылардың мәлімдемелері бар. Сондықтан біздер әртүрлі сценарийлерге дайын болуымыз керек. Шығындарды ұлғайтуға сақ болуымыз керек, мемлекеттік қаржыға, әсіресе өңірлік деңгейде, мұқият қарауымыз қажет. Парламент пен Үкімет даму бағдарламасына бағытталған бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуын бақылауы қажет», деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, көптеген мәселелерді қаржыландыруды ұлғайтусыз-ақ шешу қажет. Мүмкін болған тұстарда мемлекеттік шығынды қысқартып, әлемдік экономиканың қазіргі жағдайында қаржыны үнемдеп, резервті қалыптастыру қажет. Президенттің пікірінше, егер кірістерді күрт ұлғайтатын болсақ, инфляцияны көтеріп жібереміз. Сөйтіп, іс жүзінде еліміздің макроэкономикалық көрсеткіштері теңгерімсіздендіріледі. Сондықтан да бұл тұрғыда істейтін кез келген іс-шарада өте сақтық танытқан абзал.

Соңғы жаңалықтар