Парламент Президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізуді қарастыратын Конституцияға енгізілген өзгеріс пен толықтыруды қабылдады

Осылайша, Парламент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаған болатын.
Көпшілік даусымен Парламент Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Конституцияның 91-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламент Президенттің ветосын еңсеріп отыр. Бірлескен отырыста Парламент депутаттары заң жобасын қабылдауға бірауыздан дауыс берді. Сондай-ақ, жиын барасында жасалған ұсынысқа сәйкес Конституцияның 46-бабы, 4-тармағындағы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті» деген сөздерден кейін «Елбасы» деген сөзбен толықты.