Парламент рұқсат беру құжаттарын 30 пайызға қысқартып, жаңа ашылған кәсіпкерлік субъектіні 3 жылға дейін тексеруге тыйым салатын заңды қабылдады

None
None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды.

Аталған құжат Мемлекет басшысының лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарының санын тағы да қосымша 30 пайызға қысқарту туралы тапсырмасына орай әзірленген болатын.  Бұл ретте заң жобасымен қолданыстағы 80 заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу көзделеді. Олар лицензиялау принциптеріне сәйкес келмейтін қызметтің жекелеген түрлерінен лицензиялауды жоюға, мемлекеттік органдардың  бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуға және оңтайландыруға бағытталады.

Жалпы алғанда заң жобасы бойынша елімізде анықталған 1 мың 96 рұқсат беру құжатының жоғары қатердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтін 257-ісінің күшін жою қарастырылады. Ақпараттық сипаттағы азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер келтірмейтін 40 рұқсат беруді хабарлама тәртібіне көшіру көзделеді. Бұдан бөлек, кейбір рұқсат құжаттарының орнына алғаш рет хабарлама тәртібі енгізіліп отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функциялары қысқартылады. Бұл бағытта заң жобасымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тіркелген мерзімінен бастап 3 жыл бойына жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салуды қарастырылады. Бұдан бөлек, кәсіпкерлікке қарсы құқық бұзушылықтардың барлық құрамына тек тексеру нәтижелері бойынша ғана әкімшілік жаза қолдану туралы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі нормасының аясы кеңейтіледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субектілеріне жатқызу критерийлері қайта қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram