Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Тәжікстан Республикасының Президенті сайлауын байқауға қатысады

Кеңесті байқаушылар тобының үйлестірушісі - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов ашты. ТМД ПАА-ның халықаралық байқаушылар тобы президенттік сайлауды ұзақ және қысқа мерзімді мониторинг жүргізу үшін Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруына сәйкес құрылған болатын. Халықаралық топтың құрамына 35 адам: Парламентаралық Ассамблеяға қатысушы сегіз мемлекеттің (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Украина) депутаттары мен заң шығару органдарының өкілдері, сондай-ақ ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының қызметкерлері және Демократия, парламентаризм дамытуды мониторинг жүргізу және ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау халықаралық институтының сарапшылары кірген болатын.
ТМД ПАА кеңесінің Бас хатшысы Алексей Сергеев әріптестеріне ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары дауыс беретін күні жеке маршруттар бойынша іске кірісетінін еске салды. Душанбе, Нүрек және Хатлон облысындағы Ява ауданындағы, Варзоб, Вахдат, Гиссар, Тұрсынзада және республикалық бағыныстағы Файзабад ауданындағы, сондай-ақ Ходженд қаласының аудандарындағы сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізілетін болады. Одан басқа, Баку, Бішкек, Киев, Мәскеу және Санкт-Петербургте орналасқан шетелдердегі сайлау уческелерінде де дауыс беру барысына байқау жасалады.
Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша, Тәжікстан Республикасы Президентін сайлауына әзірлікті және оны өткізу барысын 6 мыңның үстінде жергілікті және 500-ден астам халықаралық байқаушы бақылайтын болады.