Парламент Сенаты Ұлттық банк төрағасы қызметіне Г. Марченконы тағайындау туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қолдады

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Парламентінің Сенаты ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметіне Григорий Марченконы тағайындау туралы ҚР Президентінің ұсынысын қолдады.
None
None
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне Г. Марченконың кандидатурасын ҚР Президентінің ұсынуы негізінде Парламент Сенатының қаржы және бюджет комитеті осы мәселені талқылап оң қорытынды берген. Осыған орай Мемлекет басшысының кандидатураға келісім беруді сұраған өтінішін палата депутаттары бірауыздан қолдап, тиісті қаулы қабылдады.
Соңғы жаңалықтар