Парламент Сенатының төрағасы Қ.Мәми Сауд Арабиясы консультациялық кеңесінің төрағасы Абдалла Әл аш-Шейхпен кездесті

ВЕНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше  Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Корольдіктің консультациялық кеңесінің төрағасы Абдалла Әл аш-Шейхпен кездесті.
None
None

Кездесу барысында бүгін Ритц-Карлтон қонақ үйінде өтетін «G-20» елдері Парламент төрағаларының 3-ші кездесуімен байланысты мәселелер талқыланды.

Парламент Сенатының төрағасы Абдалла Әл аш-Шейхқа осы кездесуге шақырғаны үшін алғысын білдіріп, оған Астанада ағымдағы жылдың 30-31 мамыр күндеріне жоспарланып отырған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4-съезіне шақыру қағазын тапсырды. Қ.Мәми Қазақстан Сауд Арабиясын Таяу Шығыстағы өзінің стратегиялық әріптесі санайтынын атап өтті.

Абдалла Әл аш-Шейх Қ.Мәмиге «Мәдениеттердің ғаламдық диалогы» консультациялық кездесуінің 1-сессиясында оған сөз сөйлеуге мүмкіндік берілетінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар