«Парламент сөзі» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды

АСТАНА. KAZINF,ORM – Мәжілісте БАҚ қызметкерлеріне арналған «Парламент сөзі» сыйлығының иегерлері марапатталды. Үздіктер қатарында Jibek Joly телеарнасының тілшісі, әріптесіміз Асылбек Тойбеков те бар. Ол «Үздік телевизиялық сюжет үшін» аталымы бойынша жеңімпаз атанып отыр.

р
Фото: Мәжіліс

Салтанатты жиынды ашқан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заң шығару ісіндегі БАҚ-тың рөліне тоқталды.

р
Фото: Мәжіліс

– Қазір қоғамды журналиссіз елестету мүмкін емес. Халық сіздердің жазған мақалаларыңыз, сюжеттеріңізден еліміздегі және әлемдегі оқиғалардан хабардар болып отырады. Әсіресе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси-экономикалық реформалары мен ауқымды бастамаларын халыққа дұрыс түсіндіруге мол үлес қосып келесіздер. Соның ішінде Парламентте қабылданып жатқан заңдар сіздер арқылы насихатталып жатыр. Заңды қабылдау бір бөлек, оны халыққа дұрыс жеткізу – ол да негізгі миссияның бірі, – деді ол.

р
Фото: Мәжіліс

Палата спикері Мәжілісте 700-ден астам БАҚ өкілі аккредиттелгенін айтты. Айтуынша, бұл тізім уақыт өткен сайын ұлғайып келеді.

– Еліміздің одан әрі дамуын мықты бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету қиын. Сондықтан бүгінде БАҚ-тың жан-жақты дамуына қажетті жағдайдың барлығы жасалуда. Сіздермен бірге біз жаңа салалық заң қабылдадық. Ол журналистердің құқықтарын қорғауды күшейтті. Блогерлер мен басқа да ақпарат көздері бүгінде БАҚ-пен бәсекелесуге тырысып жатыр. Бірақ мемлекет байыпты журналистикаға сұранысты жүйелі түрде қалыптастырып отыр, – деді Ерлан Қошанов.

р
Фото: Мәжіліс
р
Фото: Мәжіліс
р
Фото: Мәжіліс

Айта кету керек, «Парламент сөзі» сыйлығы биыл тоғызыншы жыл өтіп отыр. Осы уақыт ішінде 140-қа жуық адам марапатталған. 

Мәжіліс төрағасы биыл байқауға қатысуға 100-ден астам өтінім келіп түскенін атап өтті.
Сонымен 2025 жылғы «Парламент сөзі» сыйлығы иегерлері тізімі мынадай:

  • «Үздік баспа жарияланымы үшін» – Зейін Ерғалиева («Егемен Қазақстан» газеті), Владислав Шпаков («Время» газеті);
  • «Үздік телевизиялық сюжет үшін» – Асылбек Тойбеков («Жібек жолы» телеарнасы), Мейрамгүл Мәдәлі («Atameken Business» телеарнасы), Әлібек Рзабаев (Еуразия бірінші арнасы, «Парламент Online» бағдарламасы);
  • «Үздік бейне-сурет материалы үшін» – Алмас Жулубаев («Астана» телеарнасы);
  • «Үздік интернет және радио материалы үшін» – Әйгерім Бақпаева («Baigenews.kz» интернет порталы), Азамат Тлепов (Қазақ радиосы), Әйгерім Тукушева («Kursiv.kz» сайты), Тамара Вааль ( «Vlast.kz» сайты); 
  • «Арнайы репортаж» – Ирина Әлімжанова (Qazaqstan ұлттық арнасы, «Қос палата» бағдарламасы), Алина Шашкина («Tengrinews.kz» интернет порталы), Дәурен Омаров («Адал адам» youtube арнасы);
  • «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» – Еркін Жұматаев («Хабар» агенттігі), Александр Трухачев («КТК» телеарнасы);
  • «Парламент сөзі» Арнайы номинациясы – «Азаттық рухы» сайтының және «24KZ» телеарнасының ұжымдары.
р
Фото: Мәжіліс

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттағанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар