Парламент тәуелсіз сот-сараптама қызметі жөніндегі заңды қабылдады

АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында  «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңы қабылданды.
None
None

Палата депутаттары аталған құжат бойынша қос палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарымен келісіп, осындай қаулы қабылдады. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, құжат тәуелсіз және объективті сот-сараптама қызметін қамтамасыз ету үшін тиісті заңдарға өзгерістер енгізуді қарастырады. Бұдан басқа, заңның негізгі мақсаты еліміздегі сот-сараптама қызметін барлық қырынан реттеу болып табылады. Өйткені қазіргі қолданыстағы заңнамада сот сараптамасын жүргізу және тағайындау реттелгенімен, оның ұйымдық, ғылыми-әдістемелік қырлары бойынша сот-сараптама қызметінің өзіне қатысты мәселелер жеткілікті түрде көрініс таппаған. Сонымен қатар құжат бойынша сот сараптамасы мекемелерінің құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуі мәселесін реттеу үшін сарапшы мен құқық қорғау органы маманының зерттеу өндірісін бірігіп жүргізу ұсынылады. Сол секілді зерттеулердің заңдылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында зерттеулердің барлық әдістемелері сараптамалық әдістемелердің бірыңғай тізбесінде бекітілмек.

Сондай-ақ заңда сараптама мекемесі басшысының міндеттері мен құқықтары анықталады. Сот-сараптамасы зерттеуін жүргізу тәртібі реттеледі. Сарапшыларға қойылатын негізгі талаптар, сот сарапшысының біліктілігі куәлігін беру, оларды аттестациядан өткізу тәртібі белгіленеді, Үкіметтің және сот сараптама қызметі саласындағы уәкілетті органдардың құзіреті айқындалады.

Соңғы жаңалықтар