Парламент жаңа Су кодексін бекітті

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстан Республикасының Су кодексіне Сенат енгізген түзетулермен келісті.

Мәжіліс
Фото: Kazinform

— Биылғы 5 наурызда Су кодексі мен ілеспе заңды Мәжіліс қабылдап, Сенаттың қарауына жолдаған еді. Ал 20 наурызда Сенат оны талқылап, Мәжіліске қайтарды. Сенат Су кодексіне 12 түзету және ілеспе заңға 1 өзгерту енгізді, олар редакциялық әрі нақтылау сипатына ие, сондай-ақ осы заңнамалық актілердің тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді… Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті Сенаттың ҚР Су кодексіне және ілеспе заңға енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады, — деді Мәжіліс депутаты Павел Казанцев.

Жалпы отырыс кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Еске салсақ, жақында Сенат Қазақстан Республикасының Су кодексі мен ілеспе құжат екі оқылымда қарады. Сенат құжаттардың жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.

Соңғы жаңалықтар