Парламент Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің Жарғысын қабылдады

АСТАНА 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» ҚР заңын қабылдады.
None
None

Парламент қабылдаған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттік Испания мен Данияның белсенді қолдауы арқасында Германия Үкіметінің бастамасы бойынша 2009 жылғы 26 қаңтарда Бонн қаласында құрылған. ИРЕНА мемлекеттерінің Жаңартылатын энергиясының барлық түрлерін кеңінен таратуды және тұрақты пайдалануды ынталандыратын, ал осы заңды қабылдау еліміз үшін бірқатар құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық оң салдарға жеткізетіні күтіледі.

Атап айтқанда, табиғи ресурстарға қысымды шектеу арқылы қоршаған ортаны сақтау, орманның селдіреуін, шөлейттенуді азайту. Сондай-ақ, биологиялық саналуандылықтың жоюылуына қарсы күрес белсенеді. Климатты қорғау мен экономикалық өсу және әлеуметтік ынтымақтастық жандана түседі.

Соңғы жаңалықтар