Парламент желісі бойынша өтетін шаралар: Мәжілісте ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралады

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - 13 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі заң жобасын қарайды. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None
«14 қарашада ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында бірінші оқылымда бюджеттік заңнамалар және салық салуды жетілдіру мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерге түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобалары қарастырылады» - деді ресми өкіл. Сонымен қатар 15 қарашада ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, бірқатар министрліктер мен ведомство және өңірлер басшыларының қатысуымен Сенатта «Отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау және заңнамалық қамтамасыз ету, сонымен қатар оларға еуразиялық интеграция мен Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында мемлекеттік қолдау көрсету» тақырыбында парламенттік тыңдалымын өткізу жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар