Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ – Мәулен Әшімбаев

АСТАНА. KAZINFORM – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «биыл күзде Қазақстан Парламентінде сайлау болады» деген қауесетке жауап берді. 

Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ – Мәулен Әшімбаев
Фото: senate.parlam.kz

– Кейбіреулер осындай ақпаратты таратып жүрген болар. Өздеріңіз көріп отырғандай, Парламентте ауқымды заңнамалық күн тәртібі қамтылған. Үлкен заңдарды қарап жатырмыз. Сондықтан қандай да бір мерзімінен бұрын сайлау өтеді деп айтуға ешқандай негіз жоқ, - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол Парламент, оның ішінде Сенат заңнамалық тиісті тәртіпте жұмыс істеп, қазіргі сессия аясында палатада маңызды заңдар талқыланып жатқанын айтты.

– Алдағы уақытта да үлкен заңдарды қараймыз, - деді Мәулен Әшімбаев. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл наурыз айында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев кеше Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайды қорытындылап, жиында айтылған басты жайттарға тоқталды. 

Соңғы жаңалықтар