Парсы шығанағы елдері мен Еуроодақ Иранға қатысты шұғыл жиын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Парсы шығанағы ынтымақтастығы кеңесі (GCC) мен Еуропалық Одақтың сыртқы істер министрлері жедел онлайн кездесу өткізеді, деп хабарлайды Report.

Парсы шығанағы елдері мен Еуроодақ Иранға қатысты шұғыл жиын өткізеді
Фото: Report

GCC мәлімдемесіне сәйкес, кездесуге Еуроодақтың cыртқы істер жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас қатысады. Келіссөздердің негізгі тақырыбы «Иранның Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдерге қарсы агрессиясының салдары, аймақтағы елеулі оқиғалар және олардың бүкіл әлемге кері әсері» болмақ. 

GCC Бас хатшысы Джасим әл-Будайвидің айтуынша, кеңес «халықаралық қоғамдастықты соғысты тоқтату жөніндегі міндеттемелерін орындауға итермелеуге» ұмтылады.

Айта кетейік, ақпанның соңғы күнінде Иран Парсы шығанағындағы АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады. Қатар, Кувейт, БАӘ, Бахрейн және Сауд Арабиясында жарылыстар болды. Бірқатар ел зымырандарды ұстап, әуе кеңістігін жапты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум