Парсы Шығанағы елдері Сахир декларациясын қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің басшылары Кеңестің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы бөлінбейтінін, ал оған мүше мемлекеттердің егемендігінің бұзылуы бүкіл ұйымның ұжымдық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап өтті. Бұл туралы Al-Arabiya жазды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Лидеры стран Персидского залива приняли Сахирскую декларацию
Фото: Al Arabiya

Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесіне мүше ел басшылары Жоғарғы кеңесінің 46-шы сессиясы Манамада Бахрейн Корольдігінің патшасы, Мәртебелі король Хамад бин Иса Әл-Халифаның төрағалығымен өтті. 

Сессия барысында басшылар Кеңес құрамындағы мемлекеттер және аймақтағы басқа елдердің егемендігін құрметтеудің, олардың ішкі істеріне кез келген араласуды және күш қолдануды (немесе күш қолдану қаупін) қабылдамаудың маңыздылығын атап өтті.

Сессия қорытындысы бойынша қабылданған Сахир декларациясында аймақтық қауіпсіздікті қолдау және достас елдермен, халықаралық ұйымдармен және экономикалық блоктармен саяси, экономикалық және әскери серіктестікті тереңдету үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі атап өтілген.

Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің көшбасшылары Шарм-эль-Шейхтегі бейбітшілік саммитінің нәтижелерін құптап, Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы келісімнің толық сақталуын қамтамасыз ету бойынша аймақтық және халықаралық күш-жігерді қолдайтынын білдірді. Көшбасшылар гуманитарлық көмек, қалпына келтіру жұмыстары және тәуелсіз, егемен Палестина мемлекетін құруға бағытталған барлық бастамалар қажеттілігін атап өтті.

Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі – Бахрейн, Қатар, Кувейт, БАӘ, Оман және Сауд Арабиясын қамтитын аймақтық ұйым.

Осыған дейін араб мемлекеттері ХАМАС-тан қарусыздануды және биліктен бас тартуды талап еткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар