Парсы шығанағында АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Араб теңізінің Парсы шығанағында АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Е-2 Hawkeye ұшағы апатқа ұшырады.
None
None

Апат салдарынан бір адам жоғалып отыр, экипаждың қалған үш мүшесі құтқарылды. Әскери қолбасшылықтың ресми мәлімдемесіне сүйенсек, ұшақ басқару жүйесінде орын алған ақаудың салдарынан құлаған. Қазір апат аумағында іздеу-құтқару шаралары жалғасуда, деп хабарлайды РБК агенттігі.

E-2 Hawkeye - кеме палубасынан ұшырылатын, қашықтықтан радиолокация жүргізетін ұшақ. Ол «Дуайт Эейзенхаур» авианосец кемесінің ұшатын командалық қосыны ретінде пайдаланылып келген.

Соңғы жаңалықтар