Партиядағы әріптестеріміздің жетістігі білім мен ғылымда, өнер мен мәдениетте, денсаулық пен спортта да жетерлік - А. Есімов

 АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының  қалалық филиалы  республикамыздағы ең үлкен саяси ұйымдардың бірі.   
None
None

 Филиалдың төрағасы, қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының ХІІ есеп беру-сайлау конференциясында осылай айтты.

«Партияның қалалық филиалына 73 мыңнан астам мүшесі бар 733 бастауыш ұйым біріккен. Есептік кезеңдік уақытта партия мүшелері әрқашан халықты биік белестерде болуға жұмылдырып келеді. Біздің партиядағы әріптестеріміздің жетістігі әлеуметтік пен экономикалық салаларда ғана емес, білім мен ғылымда,  өнер мен мәдениетте, денсаулық пен спортта да жетерлік. Оны биылғы «Мәдениет жылы» аясында атқарылған іс-шаралардан көріп жүрсіздер», - деді А. Есімов. Шаһар басшысының айтуынша,  соңғы жылдары еліміздің келешегін таңдап, болашағын бағамдаған ҚР Президенті, Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттары сайлауында Алматы жұртшылығы бұрын-соңды болмаған белсенділік көрсетті. Онда  сайлаушылардың 90 пайызы Президентке, ал 70 пайызы «Нұр Отан» ХДП-ға өз дауысын берді. Алматы жоғары саяси белсенділігі арқылы Елбасы көтерген Тәуелсіздік тұғырнамасына тығыз топтаса білетінін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар