Партияның идеологиялық жұмыстары аймақтық семинарларда талқылануда - «Нұр Отан» ХДП

АНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Шілденің 10-ы күні Орал қаласында «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қариннің қатысуымен аймақтық семинар-жиын өтті. Бұл жөнінде бүгін брифингте «Нұр Отан» ХДП ресми өкілі Оксана Петерс мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс 12 съезінде берілген тапсырмаларды жүзеге асырудағы партияның идеологиялық жұмыстарының басым бағыттары сараланды.

 Семинар бүгін Семейде, ал шілденің 17-сі күні Қостанай қаласында өтеді. Оған Орталық аппарат, партияның аймақтық және аумақтық филиал өкілдері, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері қатысады деп күтілуде.

 Семинар аясында нақты төрт бағыт бойынша жұмыстар жүргізіледі. Олар: «Бастауыш партия ұйымының тұрғындармен жұмысы», «БПҰ партия мүшелерімен жұмысы», «Басқа БПҰ өзара ынтымақтастығы», «БПҰ азаматтық қоғам институттарымен өзара ынтымақтастығы».

 «Партияның бастауыш ұйымдары жаңа көшбасшыларды дайындап, ұсынуда маңызды роль атқарады. Сондықтан олардың іс-қимылдарын жетілдіру мен үйлестіруге баса назар аударылуда. Партиялық менеджменттің жаңа ұстанымдары бастауыш партия ұйымдары мүшелерінің әрқайсысымен жұмысты күшейтеді», деді О.Петерс.

Соңғы жаңалықтар