Пасха мейрамында Рим Папасы көпшілік алдына шықты
ВАТИКАН. KAZINFORM — Пасха жексенбісінде Папа Франциск дәстүрлі батасын беру үшін Ватикандағы Әулие Петр алаңына жиналған сенушілердің алдына шықты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Әулие Петр алаңына жиналған жұрт понтификті қошеметпен қарсы алды.
— «Хабарламаны салтанатты рәсім шебері оқиды», – деді Папа Римдік, әрі қарай сөзді архиепископ Диего Равеллиге берді.
Понтификтің басты үндеуі – жер бетіндегі бейбітшілік
— «Бұл мерейтойлық жылы Пасха соғыстағы тұтқындар мен саяси себеппен қамауға алынған адамдардың бостандыққа шығуына себеп болсын. Адамгершілік қағидасы – күнделікті әрекетіміздің іргетасы ретінде – ешқашан ұмыт қалмасын», – деп мәлімдеді Папа Франциск.
Еске сала кетейік, Рим Папасы бұған дейін Реджина Коэли түрмесіне барған болатын.
Мемлекет басшысы барша христианды Пасха мерекесімен құттықтады.