Пашинян Әзербайжанмен 2031 жылға дейін бейбітшілік орнатпақ
АСТАНА. KAZINFORM — Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік келісіміне қол қою және оны ратификациялау мәселесін 2031 жылға дейін шешуді мақсат етіп қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Armenpress-ке сілтеме жасап.
Пашинян 15 қазан күні үкімет отырысында бейбітшілікке қол жеткізу оның жеке күн тәртібіндегі басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.
Армения премьер-министрінің айтуынша, белгіленген мерзім оның жеке мақсаты ғана емес, үкімет те, бүкіл саяси топ та осыны мақсат етіп отыр.
— Армения Республикасының премьер-министрі ретінде мен өзімнің жеке күн тәртібімде бұл мәселені 2031 жылға дейін шешу өте маңызды деп санаймын, — деді ол.
Сонымен қатар, Армения үкіметінің басшысы бейбітшілік келісіміне ұмтылудан бөлек, басқа стратегиялық мақсаттар да көлеңкеде қалып қоймауы керек. Атап айтқанда, TRIPP жобасын іске асыру, аймақтық коммуникацияларды ашу, экономикалық даму және бұрын белгіленген мемлекеттік бағдарламаларды жалғастыру мәселелеріне баса назар аударылуы қажет.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 8 тамызында Вашингтонда өткен үшжақты кездесуден кейін Әзербайжан, Армения және АҚШ көшбасшылары Баку мен Ереван арасындағы бейбіт реттеу туралы бірлескен декларация қабылдады.
Әзербайжан, Армения және АҚШ көшбасшылары Ақ үйдегі бейбітшілік саммитінің бір жылдығына орай бірлескен мәлімдеме жасады.
Пашинян Армения мен Әзербайжанға аумақ айырбастауды ұсынды.