19:53, 07 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Патент алуға өтініш берген өнертапқыштар саны 4,4% өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық ғалымдар мен өнертапқыштар арасында еңбегін патенттеуге ниет білдіргендер қатары артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Патенттік белсенділікті талдау Ұлттық зияткерлік меншік институтының ресми ақпараты негізінде жүргізілді. Зияткерлік меншік саласындағы қызметті сандық бағалау үшін жиі қолданылатын өтінімдер туралы мәліметтерге назар аударылады. Жалпы республика бойынша 2021 жылы патенттік белсенділік 4,4%-ға өсті және оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,7 пайыздық тармаққа өсті. Өтінімдердің негізгі үлесі, яғни 84,8 пайызы тауар белгілеріне тиесілі», - делінген ҚазАқпарат тілшісінің сауалына орай берілген Ғылым және білім министрлігінің жауабында.
Айта кетейік, елімізде патентті Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты (ҰЗМИ) тіркейді.
Сонымен қатар министрлік кейінгі екі жылда қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан жаңалықтармен де бөлісті.