Пәтерлер екі рет сатылған: Астана прокуратурасы «Qyran» тұрғын үй кешеніне қатысты істі сотқа жолдады

АСТАНА. KAZINFORM - Сотқа дейінгі тергеп-тексеру күдікті тұлғалар құрылыс компаниясының қызметкерлері бола отырып, «Qyran» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сату арқылы адал азаматтарды алдағаны анықталды.

Бүгін Қазақстанда Прокуратура күні аталып өтеді
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Астана қалалық прокуратурасының деректеріне қарағанда, қызметкерлер «International Invest Company IIC» ЖШС-нің атынан азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен жылжымайтын мүлікті сату құқығын растайтын макеттер, техникалық паспорттар мен құжаттарды көрсеткен.

Азаматтарға пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алу ұсынылған.

Сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына күдіктілер мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын, кепілге беру туралы келісімдерді, алдын ала шарттарды ресімдеген.

Алданған сатып алушылар күдіктілердің жеке шоттарына ақшаны аудару арқылы және қолма-қол ақшамен төлем жасаған.

Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынның мөлшері 8 млрд теңгеден асты.

Соттың санкциясымен жалпы сомасы 7,4 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тыйым салынды.

-Үш күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы, төртіншісіне «кепіл» қолданылды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, былтыр 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум