Пәтеріне шетелдіктерді көптеп тіркеу арқылы пайда табатындар анықталып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің ірі үш қаласында пәтер иелері өз баспанасына бөтен адамдарды шамадан тыс көп тіркеген. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов айтты.

СҚО-да биыл тіркеусіз, құжатсыз жүрген 5 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінікі

«Еліміздің қалаларында пәтер иелелері өз баспанасына бөтен адамдарды көптеп тіркеп жатады. Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерді жалған тіркеудің ең көп саны республикалық маңызы бар үш қалада анықталды. Осындай 1348 пәтерте 36 мыңға жуық адам тіркелген», - деді А.Аталықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тиісті іс-шаралардың нәтижесінде мұндай пәтерлер саны айтарлықтай азайды.

«Жалпы, жалған тәртіпте адамдарды тіркеу заңсыз екенін атап өткім келеді. Мұның бір себебіне тоқталсам, осымен айналысатын адамдар пайда тапқысы келеді. 5 мың теңгеге жалған тіркеуді ұсынған жарнамалар толып жүр. Шетелдіктер үшін мұндай тіркеу сәл жоғары. Осы адамдарды анықтап, жауапқа тартып жатырмыз. Қазір жауапкершілікті күшейту мәселесі талқыланып жатыр», - деді комитет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 196 мың шетелдік тұрақты тұрып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар