Патриоттық акция: Қызылорда облысында авто және велошеру өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында республикалық «Менің туым. Менің Отаным!» бұқаралық челленджі аясында іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған шара барысында облыста барлығы 150 нысанға 228 дана Мемлекеттік Ту орналастырылды.
Сондай-ақ, Сырдария, Қазалы, Қармақшы аудандарында жастардың бастамасымен автошеру және атты шеру ұйымдастырылып, барлығы 135 жас қамтылды. Ал Шиелі ауданында өткен велошеруге шараға 35 жас қатысты.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы «Aray city mall» ойын-сауық орталығында «Менің Туым, менің Отаным!» патриоттық акциясы болды. Акция аясында Мемлекеттік Гимн және патриоттық әндер орындалды.
Тұрғындар тәуелсіздіктің, бірлік пен елдіктің арқасында ғана биік мақсаттарға жетуге болатынын тағы тағы бір ұғынды. Акцияға 50-ден астам жастар өкілдері қатысты.
Бұл бағыттағы шаралар 17-18 желтоқсан күндері жалғасын табады.