Патронаттардың айлығы балалар үйі тәрбиешілерінің жалақысымен теңестірледі
АСТАНА. ҚазАқпарат –Оқу-ағарту министрінің патронат тәрбиешілердің мәртебесі туралы бұйрық жобасы көпшілік талқылауына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құжат жобасы патронат тәрбиешілердің білім беру ұйымдарындағы азаматтық қызметші еместігін айқындайды.
«Бала қабылдайтын ата-аналар білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілері болып табылмайды, жұмысқа қабылданбайды. Оларға еңбек демалысы берілмейді. Бірақ олар бала тәрбиесі бойынша қызметтер көрсетеді. Бала қабылдайтын ата-аналардың қызметтеріне ақы төлеу мөлшері жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, нөлден үш жылға дейінгі өтілі бар балаларға арналған ұйымдардың тәрбиешілерінің жалақысының мөлшерінен айқындалған», - деп жазылған бұйрық жобасымен қоса жарияланған салыстырмалы кестеде.
Қолданыстағы нормативтік құжатта баланы қабылдайтын әрбір ата-анаға ақы төлеу бір жылдан кем еңбек өтілі бар, білім саласында санаты жоқ, біліктілігі орта деңгейдегі (В4-4) негізгі персоналдың лауазымдық айлығы мөлшерімен жүргізілген болатын. Ал ұсынылып отырған редакцияда «Қабылдайтын отбасында тәрбиелегені үшін әрбір асырап алушы ата-анаға патронат тәрбиешілердің қызметтеріне айына 35 айлық есептік көрсеткіш (120 750 теңге) мөлшерінде ақы төленетіні» айтылған.
Еске салсақ, елімізде кәсіби патронаттық отбасын құру жобасы әзірленіп жатыр.