Пациенттен таяқ жеп, жансақтау бөліміне түскен қостанайлық дәрігер есін жиды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір науқастың жағдайында оң динамика бар. Сондай-ақ пациент жансақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылды. Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.

Пациенттен таяқ жеп, жансақтау бөліміне түскен қостанайлық дәрігер есін жиды
Фото: Артем Викторов/Kazinform

— Қазір Антон Кистанов Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының стационарында ем алып жатыр. Ол жансақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылды. Пациент 2025 жылғы 18 шілдеде санавиация желісі бойынша келіп түсті. Диагнозы: жабық бас-сүйек ми жарақаты, яғни мидың ауыр дәрежеде соғылуы. Мидың оң жақ жарты шары субдуралды қанталанған. Бас сүйегінің артқы шұңқыры арқылы өтетін желке сүйегі жабық сызықтық сынған, — делінген ресми хабарламада

Ақпаратта айтылғандай, қазір науқастың жағдайы оң динамикада, жақсару бар. Пациент есін біледі, байланыс, бағдар бар.

— Ауыр бас-сүйек ми жарақатын диагностикалау хаттамасына сәйкес медикаментозды ем тағайындалды, емдеу тактикасы — консервативті, — деп толықтырды ведомстводан.

Бұған дейін Қостанайда науқастың дәрігерге шабуыл жасағаны туралы жазған едік. Дәрігер жансақтау бөліміне жатқызылды. Облыстық аурухананың баспасөз қызметі кезекті операцияны аяқтаған дәрігер кезекте тұрған науқастарды қарау үшін жедел жәрдем бөлмесіне түскен

Кейін пациенттің шабуылынан зардап шеккен Қостанай ауруханасының дәрігері Астанаға жеткізілді

Соңғы жаңалықтар