19:27, 22 Маусым 2016 | GMT +5
«Павлодар» АЭА аумағында агрохимиялық өнім шығаратын зауыт іске қосылды (ФОТО)
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Павлодар» АЭА аумағында агрохимиялық өнім шығаратын «АгроХимПрогресс» ЖШС зауыты іске қосылды. Мұнда 95% эфир, шегірткелер мен зиянкестерге қарсы биопрепарат, глифосат қышқылын, пестицидтер, өзге химиялық өнім және пластикалық өнім шығарылады.

«Елімізде мұндай өзге кәсіпорын жоқ. Жоба бойынша жалпы инвестициялар көлемі 3,2 млрд. теңгені құрады, пайдалануға берілген кездегі жұмыс орындар саны - 118 адам. Жоба қуаттылығы жылына 11 мың тонна. Бұл қазақстандық нарықтың 40 пайызын қамтуға жол ашады. Сонымен қатар, зауыт өз өнімін сыртқы нарыққа да шығарады. Жаңа кәсіпорынның өнімі ауыл шаруашылығында сұранысқа ие», - деді цехтың ашылу салтанатына қатысқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.
«АгроХимПрогресс» ЖШС 4 цех бар. «АгроХимПрогресс» ЖШС өнімін агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары тұтынады.