«Павлодар» АЭА аумағында полиэфирлі қарамай және залалсыздандырғыш құралдар шығаратын өндіріс салынады

ПАВЛОДАР. 30 наурыз. ҚазАқпарат - «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында полиэфирлі қарамай және композиттік бұйымдар өндіретін зауыт және пероксисірке қышқылы негізінде залалсыздандыру құралдарын өндіретін қондырғы салынады.
None
None

Бұл жобалар облыс әкімі Ерлан Арынға ұсынылды.

«Композит» Ғылыми-өндірістік бірлестігінің» кәсіпорнында жыл сайын бес мың тонна полиэфирлі қарамай мен үш мың тонна композитті бұйымдар өндірілетін болады. Шетелдік компаниялармен жаңа технологиялар мен жабдықтарды жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорын 2015 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарлануда.

«БО-НА» ЖШС залалсыздандыру құралдарын емдеу-профилактикалық ұйымдарда, өнеркәсіптік, азық-түлік және мал шаруашылығы нысандарында өндіретін болады.

Аталмыш кәсіпорын АҚШ денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен Халықаралық ғылыми-техникалық орталығымен бірлесіп залалсыздандыру құралдарының екі түрін әзірледі. Қауіпсіздікке және тиімділікке зерттеулер жүргізілді, инновациялық және авторлық патенттер, тауарлық белгі алынды.

Қондырғының жобалық қуаты - жылына 520 тонна, ол қазақстандық кәсіпорындар сатып алатын денсаулыққа қауіпті, құрамында хлоры бар залалсыздандыру құралдарын алмастыруға мүмкіндік береді.

«Павлодар» АЭА аумағында бұл жобаларды іске асырудан күтіліп отырған нәтиже - өңірде химия өнеркәсібін одан әрі дамыту, заманауи технологиялардың трасферті, құрылыс уақытында 149 тұрақты және 525 уақытша жұмыс орнын құру.

Соңғы жаңалықтар