Павлодар әкімдігі үздік жаңа жылдық шырша ойыншықтарына байқау жариялады

Жарысқа 7 мен 18 жас шамасындағы қаланың барлық балалары атсалыса алады. Балаларға өз қолдарымен жаңа жылғы ойыншықтарды жасаудың үлкен мүмкіндігі ұсынылды. Ереже бойынша, әрбір қатысушы байқауға шырша әшекейінің тек үш түрлі данасын ғана бере алады. Ойыншықтарды жасауда үлкен шеберлік таныта білген балғындар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.
«Байқауда балалардың жұмыстары қағаздан, табиғи материалдардан, кездемеден жасалған үздік ойыншықтар аталымдары бойынша, сонымен бiрге «Жаңа жылғы қиялдар», «Бала-дарын» сынды арнайы номинациялар бойынша бағаланады», - делінген хабарламада.
Шараның қорытындысы 10 желтоқсан күні жария етілмек. Ең үздік туындылар қала тұрғындарына Естай атындағы Мәдениет үйінде өткізілетін көрмеде барысында ұсынылады.
Жарыс мәдениет және тiлдердiң дамыту бөлiмiмен және Павлодар қаласының «Орталықтандырылған кiтапханалар жүйесi» мекемесінің қызметкерлерімен ұйымдастырылуда.