Павлодар әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарған Ардақ Торсықпаев келді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Жаңа орынбасарды Павлодар қаласы әкімінің міндеттерін атқарушы Ержан Иманзаипов таныстырып, ерекше көңіл бөлінуі тиіс мәселелерді атады.

«Сізге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары мен индикаторларын зерттеу қажет. Жұмыссыздықты төмендету және тұрғындардың экономикалық жұмыспен қамтылуға тарту мақсатында азаматтарды оқыту және жұмысқа орналастыру, шағын несиелендіру мәселелерін бақылауға алу керек. Бұдан басқа, қалада туылу, қайтыс болу, туберкулезге шалдығу, қылмыстылық, балалардың біліммен қамтылуы және т.с.с. әлеуметтік көрсеткіштерін зерттеу керек», - деп атап өтті қала әкімінің міндеттерін атқарушы.

Ардақ Қайырлыұлы Торсықпаев 1970 жылы дүниеге келді. Жоғары педагогикалық білімі бар, 1991 жылы Павлодар педагогикалық институтын «дене тәрбиесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1991 жылдың тамыз айында Баянауыл қазақ орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. Мемлекеттік қызметте 20 жыл жұмыс істеп келеді. Баянауыл ауданының атқарушы органдарында түрлі қызметтер атқарған.

2006 жылдың маусым айынан бастап 2014 жылға дейін Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.

2014 жылдың қараша айында «Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалып, осы уақытқа дейін сонда қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар