Павлодар әкімінің грантына үмітті тұрғындардың бизнес жобалары байқауға қатысуда

Бағдарлама облыс орталығында екінші жыл қатарынан орындалуда, оның қатысушылары қызықты бинес идеяларымен үнемі таңғалдырып келеді.
Дмитрий Сургутановтың бимен айналысып жүргеніне 10 жыл болды, бірақ жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерге арналған семинарларға барған соң, сүйікті ісінің табыс бере алатынын түсінді - өзінің жеке студиясын ашу идеясы пайда болды. Бұдан басқа, ол қаланың жас тұрғындарына ойын-сауық қызметтерін ұсынып отыр.
Светлана Герасименконың бизнес-жобасы қаланың ең кішкентай тұрғындары үшін киім тігуді дамытуға бағытталған. Егер байқауда табысқа жетсе, алған 300 мың теңгеге материалдар мен жабдықтар сатып алмақшы.
«Қалалықтар «Әйелдер және отбасылық бизнесті дамыту» бағдарламасына үлкен қызығушылық танытуда. Әрине, қала әкімінің гранттарын тек он адам алады, бірақ әрбір қатысушы тегін оқытылып, өз ісін табысты жүргізу үшін қажетті теориялық білім алады», - деп атап өтті кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Темен Жайлин.