«Павлодар-Астана» күре жолы еуропалық технологиямен салынып жатыр (ФОТО)

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Павлодар-Астана» күре жолының 25,4 шақырымды құрайтын бөлігі еуропалық технология бойынша салынуда.
None
None

Еуропалық технология бойынша қиыршық тасқа асфальт бетон материалдарының қоспасы, сондай-ақ целлюлоза, тас ұнтақтары қосылады. Жоғары технологиялы жол құрылысын салуға арналған материалдар Ерейментаудан жеткізілуде. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба аяқталып келеді. Оған республикалық бюджеттен 9 млрд. теңге бөлінген. «Орталық-Шығыс» автокөлік дәлізі Астананы Павлодар, Семей және Өскеменмен байланыстырады, деп хабарлады egemen.kz ҚазАвтодор НС» ЖШС-не сілтеме жасап.

Соңғы жаңалықтар