Павлодар – Баянауыл автожолындағы көлік апатынан 4 адам зардап шекті
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Павлодар облысының полиция департаменті тергеу-тексеру жұмыстарын бастап кетті. Көліктер айып тұрағына қойылды.
Павлодар мен Баянауыл ауданын жалғастыратын үлкен жолда «TOYOTA ALPHARD» және «CHERY TIGGO 2PRO» автокөліктері қарама-қарсы бағытта соқтығысқан. Салдарынан төрт адам жарақат алып, Екібастұздағы ауруханаға жеткізілді.
«Қалқаман-Керней» республикалық автожолында «TOYOTA ALPHARD» автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып, «CHERY TIGGO 2PRO» көлігін соққан. Жол-көлік апаты салдарынан екі машинадағы төрт жолаушы зардап шеккен анықталды. Олар Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Автокөліктер айып тұрағына қойылып, полицейлер тергеу-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, Павлодарда көлікті мас күйінде тізгіндеген 787 жүргізуші ұсталды.